«Жұлдыз» тобы » Детский сад «Айгөлек»
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының
Қатонқарағай ауданы білім бөлімінің
"Айгөлек бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(778) 468-43-50
Есепші бөлімі:
+7(778) 468-43-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
декабрь
2021

«Жұлдыз» тобы

«Табиғат бұрышы» балалардың жас ерекшеліктеріне ,талапқа сай гүлдер ,қарапайым зерттеулер жасауға арналған  заттар,табиғи материалдар,балалардың  серуен кездерінде өздері жинаған бүршіктері,әртүрлі тастар,жапырақтар қойылды.Табиғат бұрышында үй жануарлар,үй құстары,жабайы аңдар,дала құстары   суреттері,муляждары орналасқан. Ауа райы болжамы, жыл мезгілдері,апта күндеріне арналған стендтер бар. Әлі де болса табиғат бұрышын толықтыру жұмыстары жүргізілуде.

Ұлттық бұрыш

Ою түрлерін қолданып қоржын,бөстек, шашбау  сияқты заттар жасалды.

Мемлекетіміздегі  атаулы орындар  Бәйтерек, Ханшатыр,Пирамида сияқты заттар жасалды.

Алтын адам,Әр ұлттардың тулары ,Өкімет үйі  сияқты макеттер жасалды.

Көне иероглифтерді орналастырып  орнын табу  сияқты ойындар жасалды.Балалар бос уақыттарында ойнауға арналды. 

Ұлттық киімдер, ұлт өкілдері,ұлттық ойындарға арналған буклеттер жасалды

Шығармашылық орталығында шығармашық білім беру саласына арналған құрал жабдықтар:желім ,ермексаз,акварель бояу,гуашь,түрлі түсті қарындаштар,қайшы, түрлі-түсті қарындаштар орналасқан.

Сурет салуға арналған үлгілер,трафареттер бар. Дәстүрлі емес әдіспен жұмыс істеуге арналған губка,мақталы таяқшалар, түтікшелер,щеткалар,мақталы дисктер бар.Балаларға түстерді ажыратуға арналған ойындарға арналған заттар бар. Бояуды араластыруға арналған палитралар,кисточкалармен жабдықталған.

Жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті сақтауға арналған алжапқыштар ,қолғаптары бар. 

Таным білім беру саласы бойынша  орталықта таным саласының бөлімдеріне арналған құралдар,көрнекіліктер орналаскан.Математика негіздеріне арналға таратқыш құралдар,мозайкалар,санағыш таяқшалар.жасалған. Санауға арналған тақтада балалардың жас ерекшеліктеріне сай санау үлгісі көрнекті,бояу қанық етіп жасалған.Жолақшалармен жұмыс істеуге арналған таратқыш құралдардың түрлері талапқа сай,бояу қанық, ламинатталып жасалған.Балалардың математика негіздеріне арналған әліппе дәптер,балапан дәптерлері бар. 

Құрастыруға арналған  құрастырғыш материалдар,конструкторлар,әртүрлі пазлдар бар.Құрастырудың түрлеріне арналған сүлгілер,мақталы таяқшалар,қатты картон қағаздар,фетрлар бар.Құрастыруға арналған лего құрастырғыштары бар.

Жаратылыстануға арналған көрнекіліктер,табиғи матералдар,макеттер,гербариилер жасалған.





 Топта балалардың жас ерекшеліктеріне сай құрал жабдықтар бар. Мысалы:

Тақта,теледидар, жұмсақ жихаз,,үстел, балларға арналған үстелдер ,тәрбиешілерге арналған шкаф, айна орындықтар,балаларға арналған кабинкалар.

Жатын бөлмеде төсектер,кілемдер төсек құрал жабдықтары бар.

Жуыну бөлмесі барлық тазалық заттарымен жабдықталған:Қол жуғыштар,орамал ілгіштер, дәретхана,душ,ойыншық жуатын,еден жуатын ыдыстар,т.б.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив