Мемлекеттік қызмет көрсету
2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ШҚО білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы КМҚК қызметінің есебі
1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, Батырханов көшесі, 66.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:
Білім беру ұйымы 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2023 жылы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы» КМҚК жалпы - 72 қызмет көрсетті.
Соның ішінде электрондық нұсқада vko.ddo.kz жүйесі арқылы 72 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 0.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
3) Ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
2. Қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны https://katonkaragai-aigolek.balabaqshasy.kz/ сайты «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналасқан.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету туралы стенд орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде. Білім беру ұйымымен нормативтік құқықтық актілер әзірленбеген.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
2023 жылы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Айгөлек»бөбекжайында БАҚ және әлеуметтік желілерде «Ашық диалог» жарияланып, дөңгелек үстел өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушінің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымы vko.ddo.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар.
Бөбекжайда мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызметкер көрсетеді, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында 1 қызметкер біліктілігін арттыру курсынан өтті.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
1) 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тартулар болған жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері-мониторинг жүргізілген жоқ.
5. Одан әрі тиімділік және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары.
Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылы бөбекжайда мақсатты жұмыс жүргізілуде.
2024 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырады.