17
февраль
2023
"Шығармашыл тәрбиешілер" "Педагогикалық идеялар аукционы"
Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің " Айгөлек" бөбекжайы "Шығармашыл тәрбиешілер" шығармашылық тобы төрайымы А. Б. Ибраимованың ұйымдастыруымен "Педагогикалық идеялар аукционы" іскерлік ойыны өтті. Балабақшадағы педагог зерттеуші- Т.Т.Тыныбаева "Кейс", педагог сарапшы - Г.К.Курмушева " Нейрожаттығулардың тиімділігі" , педагог модераторлар - Д.А.Сабырбаева "Ойын арқылы дамыту", А.Б. Абылгазина "Синквейн" технологияларын топ тәрбиеленушілерімен іс - тәжірибеде көрсетсе, Ж.Б.Мажренова мен А.Б.Базилова "Раун робин" технологиясын тәрбиешілермен шеберлік сынып өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл әдіс - тәсілдер аукционға түсіп, тәрбиешілер жетон арқылы өздеріне ұнағанын іскерлік ойында сатып алды. Кәсіби іскерлікті көтеру үшін бұл тәжірибе өте пайдалы болды.
