"Айгөлек" бөбекжай балабақшасы КМҚК Шығармашылық топ отырысы » Детский сад «Айгөлек»
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының
Қатонқарағай ауданы білім бөлімінің
"Айгөлек бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(778) 468-43-50
Есепші бөлімі:
+7(778) 468-43-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Айгөлек" бөбекжай балабақшасы КМҚК Шығармашылық топ отырысы
21
октябрь
2022

"Айгөлек" бөбекжай балабақшасы КМҚК Шығармашылық топ отырысы

Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Айгөлек" бөбекжайында құрылған "Ізденімпаз тәрбиешілер" атты шығармашылық тобы "Өзгені үйрете отырып, өзіміз де үйренеміз" тақырыбында балабақшаішілік семинар практикум өткізді. Мақсаты, жаңартылған мектепке дейінгі білім беру бағдарламасының іс - тәжірибеде балабақшада қалай  іске асып жатқандығын саралау. Әр топ тәрбиешілері жас ерекшеліктеріне сәйкес топтарында жаңа  бағдарламаның қалай жоспарланып , іске асырылып жатқандықтарын видео, слайд, шеберлік сыныптары арқылы іс - тәжірибелерімен бөлісті. Тәрбиешілер жаңа бағдарламаның өте тиімді екендігін жеткізді. Балалардың қызығушылықтары ескеріліп , балалар үшін жан - жақты дамуға мүмкіндік мол екендігін айтты.  Әр топтың заманауй талапқа сай жасалған нейрожаттығулары, балалардың физикалық  , ақыл - ой дамуына арналып жасалып жатқан орталықтары тәрбиешілердің ізденімпаздығын көрсетті. Шығармашылық топ мүшелеріне шығармашылық табыс тілейміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив