«Қош бол, балабақшам»
2020-2021 жылы мамыр айында «Жұлдыз» ересек тобының балабақша табалдырығын аттайтын бүлдіршіндеріне арнап «Қош бол, балабақшам» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі өтті.
Музыка әуенімен балаларды қолдарынан ұстап залға кірдік.
Жәния атты бүлдіршін балабақша туралы ертегі желісін тақпақпен айтып топқа таныстыру жасау арқылы ертеңгілігіміздің басын бастады.
Бұл қоштасу кешінде балалар балабақша, балабақшада қызмет ететін жандарға арнап құрастырған арнайы тақпақтарын айтты.
«Тәрбиеші», «До свидания детский сад!» әндерін орындады
Балалар «Түскі ұйқы», ұлдар «Ұлдар» биін, қыздар «Радуга» биін және «Вальс» билерін биледі.
«Портфел» атты мектепке байланысты көрініс қойылды
Балалардың білімдерін тексеру мақсатында «Әріпті ата» деген ойын ойнатылды
Ертеңгілігіміздің соңында бадлабақша меңгерушісіне сөз беріліп, балалар мен ата-аналарға мадақтау қағазы табыс етіліп, балаларға азғантай сыйлықтары табыс етілді