«Ана –гүл, ана-жыр, ана –өмір шуағы» Жұлдыз ересек тобы
2021-2022 оқу жылында «Жұлдыз» ересектер тобында өткен «Ана –гүл, ана-жыр, ана –өмір шуағы» атты ертеңгіліктің анықтамасы.
«Жұлдыз» ересектер тобында «Ана –гүл, ана-жыр, ана –өмір шуағы » атты ертеңгілік өтті.
Ертеңгілікке барлық бала қатысты.
Ертеңгіліктің мақсаты: балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. 8-наурыз халықаралық әйелдер күні туралы түсінік қалыптастыру.Ертеңгіліктің жоспары саз жетекшісімен бірге ақылдасылып жасалды.
Музыка залы іші мерекеге сай безендірілді. Ертеңгілік концерттік бағдарлама ретінде өткізілді. Балалардың костюмдері жыл мезгіліне сай ,талапқа сай, ыңғайлы болып тіктірілді.
Көктем аруы болып топтың қыздары өздері шығып билерін билеп, тақпақ айтты.
Ертеңгілік барысында әжелерге арналған «Асыл әжем »әнін,тжәне домбырамен оркестр « Анашым мерекеңмен» әнін айтты. Дауыс ырғақтары жақсы болды.Аналармен «Шаш өру » ойыны ойналды. Ұлдар мен қыздар «Суретін сал» деген иойны ойнады.Балалар тақпақтарын мәнерлеп айтты. Ұлдар мен қыздар «Түймедақтағы көбелектер» билерін биледі.
Балалардың билері,әндері мерекенің тақырыбына сай, көңілді және әуені жеңіл таңдалды.
Мерекені топтың балалары тақпақмен өздері ашты.
Мереке барысында қауіпсіздік ережелері сақталды.Сақтық шаралары сақталды.Топтың іші уақытымен желдетілді.Қатысқан аналар маскамен және «Ашық» қосымшасы арқылы кірді.
Мерекені ұйымдастыру барысында ата-аналармен тығыз байланыс болды.
Бұл байланыстың барлығы онлайн түрде жүргізілді. Балалар мерекеге қызыға, белсене қатысты. Мереке соңында ұлдар қыздарға арнаған сыйлықтарын сыйлады.
