«1- ден 10- ға дейіңгі сандарды тура және кері санау»
«Жұлдыз» ересек тобында Таным білім беру саласы бойынша Қарапайым математика оқу қызыметінен «1- ден 10- ға дейіңгі сандарды тура және кері санау» тақырыбында ашық оқу қызметі өтілді.
Мақсаты: Асық технологиясын пайдалана отырып 1- ден 10- ға дейін тура және кері санауды, 1- ден 5-ке дейінгі сандарды қосып азайту бойынша білімдерін бекіту. Асық туралы түсініктерін молайту.
Бұл оқу қызметімде сандар үлгісін, асықтар, санамқтар, қоржын, асық туралы суреттер, математикалық таратқыштар мен жолақшаларды көрнекілік ретінде қолдандым.
Оқу қызметінің басында балаларға мотивациялық қозғау жасай отырып тақырыпқа деген қызығушылықтарын оятып алдым.
Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойынының бірі асықпен таныстыра отырып түрлі тапсырмалар орындаттым. Қанталапай ұлттық ойынын ойната отырып балаларды екі топқа бөліп, әр топқа қоржындар беріп, әр дұрыс жауаптарын асық тарату арқылы бағалап отырдым
Бірінші тапсырмада балалар тақтадағы сандар тізбегінен 1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санап берді
Екінші тапсырмада «Қосу және азайту» математикалық жолақшалармен есеп шығарды
Екі тапсырмадан кейін балалардың жауаптарын бағалап сергіту сәтін жасатып балаларды демалтып алдым
Үшінші тапсырма «Топтастыр» деп аталды. Бұл тапсырмада балалар сандарды «аз, көп» таңбасын қоя отырып салыстырды
Төртінші тапсырма «Математикалық санамақ» деп аталды. Балалар сандарды бір біріне қосып азайта білді
Тапсырма аяқталғаннан кейін балалардың жауаптарын бағалап асық таратып , қоржындарына салынып отырды.
Қорытынды балалардың қоржындарындағы асықтарды санап, жеңімпаз асығы көп топты атап мадақтау жасалып белсенділік танытқан балалар мадақталды.
Сабақтан алған әсерлерін жеткізу мақсатында ашылмалы смайликтер таратылып, балаларға таңдау жасатып не себепті осындай смайлик таңдағаны сұралды.

