«ХОШ,КЕЛДІҢ,ӘЗ-Наурыз!» Балапан тобы » Детский сад «Айгөлек»
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының
Қатонқарағай ауданы білім бөлімінің
"Айгөлек бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(778) 468-43-50
Есепші бөлімі:
+7(778) 468-43-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ХОШ,КЕЛДІҢ,ӘЗ-Наурыз!» Балапан тобы
09
март
2022

«ХОШ,КЕЛДІҢ,ӘЗ-Наурыз!» Балапан тобы

Тақырыбы: «ХОШ,КЕЛДІҢ,ӘЗ-Наурыз!»

Мақсаты:Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесі жайлы қысқаша айту.

Қазақтың салт-дәстүрі «Тұсау кесу» рәсімін түсіндіріп және ойын-сауық арқылы балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Халқымыздың салт-дәстүрлерін сақтауға тәрбиелеу.

Топтың іші «Наурыз» мейрамына сай безендірілген.Қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты жабдықтары алдын-ала қойылған.Сандық,домбыра,түзкиіз,қамшы,түлкі терісі,алаша,құрақ көрпешелер,әдемі бөстектер,сырмақ,дастархан,ұлттық тағамдар дайындалған.

Әсем әуенмен балалар ортаға келеді.Қонақтармен сәлемдеседі.Наурыз мерекесі туралы қысқаша мағлұмат беріп,өлең жолдары айтылды.

Үлкен отбасында әжесі немересінің «Тұсау кесу»рәсімін жасады.Жасқа толған баланың тұсауын кестіру керектігі туралы айтылды.

Үйдегі үлкен әжемен ақылдасып, тойға дайындық жүргізілді.

Ақ жол жайылды,жасқа толған баланың аяғын ала жіппен байлап,тұсауы кесілді.Баланың екі жағынан екі әйел адам жетектеп,алға қарай ақ жолмен жүргізді.Ақ матаға үш зат қойылған (домбыра,қамшы,кітап).

Бүлдіршін бір затты таңдап алды.Барлық ырымдар жасалды.

«Тұсау кесу» тойы ары қарай дастархан басында жалғасты.

Балалар ортаға шығып «Қара жорға» биін биледі.Бүгінгі күн балалар үшін ерекше жане қызықты өткені байқалды. Наурыз мейрамы сәтті өткізілді.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив